Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
23
қаңтар
2023

Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

Тұрмыстық газ (пропан) өрт немесе жарылыстың пайда болуына маңызды қауіп-қатер тудыратыны барлығымызға мәлім. Газды қолданумен байланысты өрттердің барлығы баллонды немесе газ плиталарын дұрыс емес пайдаланғандықтан туындайды. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы анықтауға болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқада электр қондырғыларын іске қосуға болмайды. Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығырып 104 телефоны бойынша апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз.
Тұрмыста газды пайдалану кезінде тыйым салынады:
- Өз бетінше газ баллонды (пәтерлерде, саяжай үйлерде) орнатуға, ауыстыруға немесе жөндеуге болмайды;
- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыру, мектепке дейінгі жастағы балаларды және оларды қауіпсіз пайдалану ережелерін білмейтін адамдарды газ аспаптарын пайдалануға жібермеу;
- газ ошағын тек жақсы желдетілетін бөлмелерде пайдаланыңыз;
- газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз;
- газ ошақтарын үйді жылыту үшін пайдалануға мүлде болмайды;
- адамдар демалатын немесе ұйықтайтын бөлмелерде газ жабдықтарын қолдануға тиым салынады;
- Көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалану адам өміріне қауіпті;
- Газ баллондары пештерден немесе жылыту радиаторларынан кем дегенде 1 метр арақашықтықта орналасу қажет.
- үйде қосалқы баллондарды сақтау.
Есіңізде болсын! Газ ауамен қосылғанда жарылу және өрт қауіпі бар. Газ толық жанбаған кезде адам ағзасын улайтын иісті газ бөлінеді. Газ пайдалану ережелерін бұзған кезде сіз тек қана өзіңізге ғана емес өзгелерге де қауіп төндіресіз!
Құрметті қала тұрғындары, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз!!!
Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com