Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сайлауға бар да көже іш
19
наурыз
2023

Сайлауға бар да көже іш

Сайлауға бар да көже іш

 403 реткөрсетілдіБүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұхтар КҮМІСБЕК
Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді.
Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыстарын бергендері арқылы болашағымызға ықпал еткендеріне сенімді.
Наурыз көжеден ауыз тиген жастар жағы үлкендерден көженің дайындалу жолын сұрастырып, пайдалы мағлұматқа қанығып қайтты.
Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com