Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылы 1 сәуірден 1 тамызға дейін 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізілуде
05
сәуір
2023

2023 жылы 1 сәуірден 1 тамызға дейін 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізілуде

Құрметті ата-аналар!

2023 жылы 1 сәуірден 1 тамызға дейін 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Мектепке оқушыны қабылдағанда тапсыратын құжаттар:

1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3, 063/у) электрондық көшірмесі;

4) 3х4 көлеміндегі фотосурет – 2 дана;

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда). 

Болашақ бірінші сынып оқушыларын  «№1 ОМ МДШО»КММ  К.Сатпаев көшесі -  50 мекен –жайында күтудеміз 

Тел. 4-13-25


Қабылдау уақыты  09.00-17.00 сағ.  жұмыс күндерінде
Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com