Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Твой шанс" зияткерлік ойыны
27
қаңтар
2022
"Твой шанс" зияткерлік ойыны
27.01.2022ж. Математика пәнінің мұғалімі Сабетай Мадина Саятовна 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Твой шанс» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді. Бұл ойын сабағында оқушылар «Квадрат» және «Круг» топтарына бөлініп математика тарихына саяхат жасап, қызықты логикалық тапсырмалармен   тартысты ойын өткізді.  Командалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
"Мамандық таңдау" танымдық сағаты
21
қаңтар
2022
"Мамандық таңдау" танымдық сағаты
Текелі қаласы №1 орта мектепте 9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында "Мамандық таңдау" тақырыбында танымдық сағат өтті. Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Кәсіптік бағдар
" Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" патриоттық ән кеші
15
желтоқсан
2021
" Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" патриоттық ән кеші
Текелі қаласы №1 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай " Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" тақырыбында патриоттық ән кеші ұйымдастырылды.  Кешке 1-11 сынып оқушылары қатысты.
"Туған жерім-Қазақстан" мәнерлеп оқу сайысы
15
желтоқсан
2021
"Туған жерім-Қазақстан" мәнерлеп оқу сайысы
Текелі қаласы №1 орта мектебінде 5-9 сыныптар арасында "Туған жерім-Қазақстан" тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті. Сайысқа барлығы 24 оқушы қатысты. Сайыскерлер 10 балдық жүйемен бағаланды. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. Сайыс қорытындысы шығарылып, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.
"Желтоқсан желі ызғарлы" кездесу
13
желтоқсан
2021
"Желтоқсан желі ызғарлы" кездесу
Текелі қаласы №1 орта мектебінде 9-10 сыныптар арасында "Желтоқсан желі ызғарлы" тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларды кеңінен хабардар ету. Кездесуге  желтоқсан оқиғасы қатысушылары Калыгулова Нурсулу Бексултановна, Коштаева Гүлжахан Дукановна, Дауренбекова Гүлмира Бекбергеновна  шақырылып, сыр-сұхбат жүргізілді.
"Туған жерім- Қазақстан"  сурет байқауы
10
желтоқсан
2021
"Туған жерім- Қазақстан" сурет байқауы
Текелі қаласы №1 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1-6 сыныптар аралығында  "Туған жерім- Қазақстан" атты сурет байқауы өтті. Үздік деп танылған суреттер көрмеге қойылды.
"Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы"  кітап көрмесін
07
желтоқсан
2021
"Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы" кітап көрмесін
Текелі қаласы №1 орта мектептің кітапханашысы Батталова Т.Е "Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен  қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығы, еркіндікке аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстырылды. 
"Жас Ұлан ұйымына қабылдау
03
желтоқсан
2021
"Жас Ұлан ұйымына қабылдау
Бүгін № 1 орта мектебінің 2,3,5,6 сынып оқушылары «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылданды. [media=https://youtu.be/4nzOTE19gkM]
"Бәйтерек" зияткерлік ойыны
02
желтоқсан
2021
"Бәйтерек" зияткерлік ойыны
Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында №1 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Томорбек Авилханның ұйымдастыруымен "Бәйтерек" атты ата – аналармен оқушыларға арналған зияткерлік ойын өткізілді. Отбасылық ойын мақсаты Отанды сүюге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. Ойынға қатысушылар арасынан жүзден жүйрік анықталып, мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.
"Ұлы істер үшін туған ұлы тұлғалар"  эссе байқауы
26
қараша
2021
"Ұлы істер үшін туған ұлы тұлғалар" эссе байқауы
Гуманитарлық апталық аясында "Ұлы істер үшін туған ұлы тұлғалар " тақырыбында  7-11 сынып аралығында таңдалынған оқушылар арасында эссе байқауы өтті. Байқау шешімі бойынша: 1орын: Қосынғали Айназым, 2 орын: Советбек Шұғыла, 3 орын: Шекен Ұлжан. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!