Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!
30
мамыр
2017

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым! 

 20 мамыр 2017 жылы Текелі қаласы №1 орта мектебі, 4 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Тоқтасынова Индира Аманжолқызының ұйымдастыруымен бастауышпен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Мектептің акт залы мерекеге сай безендірілді. Мерекелік іс - шараға мектеп ұстаздары мен ата - аналар қатысты. 

 Ертеңгіліктің мақсаты - білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің алғашқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазда

рымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектепте алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.


 


 Ертеңгілікті сынып оқушылары Шекен Ұлжан мен Мәлік Бақдәулет жүргізді. Ертеңгілік мектеп директоры Койгельдиева Гульнар Сейдахметқызының құттықтау сөзімен басталды. Мектеп директоры өз сөзінде сынып оқушыларын биылғы жылғы жетістіктерімен құттықтап, алдағы өмірлеріне Ақ жол тіледі.

 Ары қарай, сынып оқушылары мектеп, ұстаз туралы өлең жырларын айтты. Ұлттық билер, қазіргі заман билерін, соңында вальс биледі. Тәрбиелік мәні бар «Пәндер айтысы», «Ата мен бала» көріністерін көрсетті. Сабақ берген әр ұстазға жылы лебіздерін білдірді. 


 

 

Сонымен бірге, әр пәннен алған білімдерін логикалық есептер шешу, сұрақтарға жауап беру арқылы көрсете білді. «Мектепте өткен 4 жыл» тақырыбында слайд көрсетілді. Соңынан ұстаздар мен ата – аналарға құттықтау сөз берілді. Мерекелік іс – шара өз дәрежесінде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты.

Сынып жетекшісі: Тоқтасынова Индира Аманжоловна

Похожие публикации:

Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com