20
желтоқсан
2024
"Рақмет саған, әліппе!"
2024 жылдың 20 желтоқсан күні 1"Ә" сыныбында "Рақмет саған, әліппе!" тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Оқушылар Әліппеден алған білімдерін көрсете отырып, жаттаған өлеңдерін, санамақ, әндерін айтты. Қыздар мың бұрала би биледі. Қонаққа келген Әліппе мен Ана тілінің алып келген тапсырмаларын орындады. Іс - шара соңында Әліппе оқушыларды дипломмен марапаттады. Ертеңгілікке қатысқан ата - аналар оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, Әліппе оқулығын сәтті аяқтауларымен құттықтады.