20
маусым
2017
«ЕКСПО – 2017» жастар болашағы
«ЕКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің маңыздылығы, экономикалық тиімділігін жасөспірімдер арасында келешекке көзқарасын таныстыру мақсатында №1 орта мектептің 7 «Ә» сыныптың сынып жетекшісі - Г.А.Раисованың ұйымдастыруымен 2017 жылдың 12 – 19 мамыр аралығында ата – аналар тарапынан демеушілік көрсетіп, 7 «Ә» сыныптың 9 оқушысы Астана қаласына саяхат жүргізіп, көрмені тамашалап, бас қаланың басқа да тамаша орындарымен танысты. Сынып жетекшімен бірге мектеп психологы Ж.Е.Боранбаева және іс жүргізуші А.А.Галимова оқушыларға бас көз болып, оқушылардың көңіл – күйлерін көтеруде басты себепші болды.



Сонымен қатар бес күн аралығында оқушылар тек ЕКСПО - мен шектелмей Көкшетаудың өңірі, әдемі де сұлу, трихына бай – Бурабайдың Оқжетпесіне және Жұмбақтас, Абылай ханның отырған тағына саяхат жасады.



Қайтар жолда, Алматы қаласының төрінен орын алған - Медеу шатқалдары мен Көктөбе шыңына шығып, Алматының көркіне тамсанған оқушылар керемет көңіл – күймен тамашалады.


Бұл саяхат оқушыларға ұмытпастай жүректеріне орын алды. Оқушылар керемет жаңалықтармен үйлеріне қайтты.