30
қазан
2020
«Әлемге әйгілі ойшыл Әбу- Насыр әл-Фараби» зияткерлік ойыны
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағытының негізгі міндеттерінің бірі - азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады.
Зияткерлік ойын мақсаты:
Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, оқушылар арасында Әбу- Насыр әл-Фараби өмірімен таныстыру.
Міндеттері:
- Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл -Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.
- Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.
- Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.
Өткізілу форматы: онлайн, ZOOM платформасы арқылы
Ұйымдастырушылар: «№1 ОМ МДШО»КММ.
Қатысушылар: Текелі қаласының мектептері, колледж, мемлекеттік мекемелер.