Сыңғырла, соңғы қоңырау
№1 орта мектеп МДШО бойынша 2016-2017 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты лездемесі туралы мәлімет
Мектеп бойынша «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты лездемесі сағат 9.00-де басталып 9.45-те аяқталды. Лездемеге 1-11 сынып оқушыларынан 396 бала қатысты. 11 сыныпты бітіруші түлектер саны 17. Түлектерге ақ жол тілеп, салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы болған Текелі қаласы әкімнің орынбасаны Сері Болысбайұлы, «Шапағат» арнайы медициналық көмек көрсету мекемесінің директоры Нұрмыханова Алма Мұқанғалиқызы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Қалығұлова Нұрсұлу Бексұлтанқызы, Текелі кенді қайта байыту кешенінің бас менеджері Жумадилова Мара Ысқаққызы.


Салтанатты жиын мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды, жиын үш тіде жүргізілуімен ерекшеленді. Лездеменің алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Қойгельдиева Гүлнар Сейдахметқызы оқу жылының негізгі жетістіктерін атап өтіп, түлектерді құттықтап өтті. Келесі құттықтау сөз қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы қала мектептерінің жетістіктерін атап, биіктерден көрінуге тілек білдірді. Сонымен қатар Текелі кенді қайта байыту кешенінің бас менеджері Жумадилова Мара Ысқаққызы құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге естелік сыйлықтар табыстады.
Мектеп бітіруші түлектер өздерінің алғыстарын білдіріп ұстаздарға гүл шоқтарын сыйлап, ән айтып мектеп қабырғасындағы соңғы вальстарын билеп, ақ көгершіндерін әуеге самғатты.
[media=http://youtu.be/y2cMrE9HCDw]