Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Туған жерім-Қазақстан" мәнерлеп оқу сайысы
15
желтоқсан
2021
"Туған жерім-Қазақстан" мәнерлеп оқу сайысы
Текелі қаласы №1 орта мектебінде 5-9 сыныптар арасында "Туған жерім-Қазақстан" тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті. Сайысқа барлығы 24 оқушы қатысты. Сайыскерлер 10 балдық жүйемен бағаланды. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. Сайыс қорытындысы шығарылып, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.
"Желтоқсан желі ызғарлы" кездесу
13
желтоқсан
2021
"Желтоқсан желі ызғарлы" кездесу
Текелі қаласы №1 орта мектебінде 9-10 сыныптар арасында "Желтоқсан желі ызғарлы" тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларды кеңінен хабардар ету. Кездесуге  желтоқсан оқиғасы қатысушылары Калыгулова Нурсулу Бексултановна, Коштаева Гүлжахан Дукановна, Дауренбекова Гүлмира Бекбергеновна  шақырылып, сыр-сұхбат жүргізілді.
"Туған жерім- Қазақстан"  сурет байқауы
10
желтоқсан
2021
"Туған жерім- Қазақстан" сурет байқауы
Текелі қаласы №1 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1-6 сыныптар аралығында  "Туған жерім- Қазақстан" атты сурет байқауы өтті. Үздік деп танылған суреттер көрмеге қойылды.
"Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы"  кітап көрмесін
07
желтоқсан
2021
"Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы" кітап көрмесін
Текелі қаласы №1 орта мектептің кітапханашысы Батталова Т.Е "Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен  қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығы, еркіндікке аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстырылды. 
"Жас Ұлан ұйымына қабылдау
03
желтоқсан
2021
"Жас Ұлан ұйымына қабылдау
Бүгін № 1 орта мектебінің 2,3,5,6 сынып оқушылары «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылданды. [media=https://youtu.be/4nzOTE19gkM]
"Бәйтерек" зияткерлік ойыны
02
желтоқсан
2021
"Бәйтерек" зияткерлік ойыны
Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында №1 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Томорбек Авилханның ұйымдастыруымен "Бәйтерек" атты ата – аналармен оқушыларға арналған зияткерлік ойын өткізілді. Отбасылық ойын мақсаты Отанды сүюге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. Ойынға қатысушылар арасынан жүзден жүйрік анықталып, мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.
"Ұлы істер үшін туған ұлы тұлғалар"  эссе байқауы
26
қараша
2021
"Ұлы істер үшін туған ұлы тұлғалар" эссе байқауы
Гуманитарлық апталық аясында "Ұлы істер үшін туған ұлы тұлғалар " тақырыбында  7-11 сынып аралығында таңдалынған оқушылар арасында эссе байқауы өтті. Байқау шешімі бойынша: 1орын: Қосынғали Айназым, 2 орын: Советбек Шұғыла, 3 орын: Шекен Ұлжан. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы
23
қараша
2021
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы
Қараша айының 21-25 аралығы Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы деп жарияланды. Апталық аясында жоспар бойынша іс-шаралар өткізіледі.
20 қараша балалар құқығын қорғау күні
20
қараша
2021
20 қараша балалар құқығын қорғау күні
Текелі қаласы №1орта мектебінде 20 қараша халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай  КІТЖИ полиция капитаны Көшербаев У. С,  Текелі қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Жаңбырбаева Ғ. Б, Текелі қаласының прокуроры Иманғалиев Ж. Е. қатысуымен «Бала құқығы» тақырыбында кездесу өтті.  Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатысты.  Балаларға олардың құқықтары мен міндеттері туралы баяндама оқыды.  Оқушылар өздерін
"Ұлы даланың ұлы тұлғалары"
11
қараша
2021
"Ұлы даланың ұлы тұлғалары"
Текелі қаласы №1 орта мектебінде "Ұлы даланың ұлы тұлғалары" тақырыбында әдеби кеш өтті. Кеш Жамбыл Жабаевтың  -175 жылдық, Мұқағали Мақатаевтың -90 жылдық, Ыбырай Алтынсариннің - 180 жылдық мерейтойланына арналды. Кешке 5-8 сынып оқушылары қатысты. [media=https://youtu.be/2MICs6P2yx4]