Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени
26
маусым
2017

Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени

Ассамблеясы «Мың бала»

республикалық мәдени


Бүгінгі күні жоспарға сәйкес, Білім басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени – ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 27 маусым күні мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы лагерінде ұлттық және спорттық ойындар, викториналар ұйымдастырылды. Қазақтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар түрлерінен жарыс «Асық, аударыспақ» тақырыбында іс – шара өткізілді. «Тіл – тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Осыған байланысты балалар бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп меңгереді.


 

 

Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда тіл туралы мақал – мәтелдер айтып жарысты, қазақ және орыс тілдерінде жұмбақтар жасырды. Балалар ойлана отырып, жұмбақтарды шешті. Оқушылар өздерінің тілге деген құрметтерін білдіріп өлең жолдарын арнады.

Ұлттық ойындар туралы түсіндіре отырып, сұрақ – жауап арқылы ұлттық ойындар туралы өз ойларын айтқыздық.

 

 

Балаларды топқа бөлу арқылы, бірінші «Асық ату» ойынын ойнаттық. Оқушылар бұл ойынды қызыға ойнады. Екінші «Аударыспақ» ойынын ойнаттық. Оқушылар екі – екіден жұптаса отырып, бір – бірлерін аударып, жеңімпаз атануға тырысты. Ойындар өте қызықты өтті. Нәтижесінде асық атудан ең көп ұпай жинаған оқушылар мен қол күрестіруден орын алған оқушыларды мадақтап, құттықтадық. Содан соң түскі астарын ішті. Түскі астан кейін, қимылды ойындар ойнады. Балаларға бүгінгі күні көңілді көңіл - күймен үйлеріне тарасты.

Лагерь жетекшісі: А. А. Жолаева

Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com