Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қыркүйек
2020

Мектепке жол акциясы

«№1 ОМ МДШО» КММ бойынша көмекке мұқтаж ата-аналарды барынша қамту және  «Мектепке жол» бойынша жүргізілген  жұмыстары туралы ақпарат.


«№1 ОМ МДШО» КММ бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы құрылды. «Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында  көмекке мұқтаж 23 ата-аналар өз өтінімдерін шілде, тамыз айлары порталға тіркелді. «www.atamekenim.kz» порталында  ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылып, одан кейін көмек атаулы түрде қарастырылып жатқаны хабарланып тұрады.  

Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар оқушыларымызға мектеппке керек киім, аяқ-киім, спорт формалары, мектепкке қажетті құрал жабдықтар мен 20 оқушыға «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС көмек көрсетті. 

1 қыркүйектен бастап ТОО "ayn geo"  21 оқушыға (Қазақтелеком интернет тарифімен) қамтылады. «Жетісу» қамқоршылық қоры 5 оқушыға концелярлық көмек көрсетті.

«Текелі жастары» қоғамдық бірлестігі 3 компьютер азқамтылған отбасыларға сыйға тартты. 2020 жылдың 5 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыхалықтық акциясы басталды, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету үшін демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.  

Ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық арасында «Мектепке жол» платформасы мен телеграмма-чат қызметі туралы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар, ата-аналарға осы платформада өтінім толтыру бойынша   әлеуметтік педагог көмек көрсетіп тұрады.  

Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com