Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 30
" Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" патриоттық ән кеші
15
желтоқсан
2021
" Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" патриоттық ән кеші
Текелі қаласы №1 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай " Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" тақырыбында патриоттық ән кеші ұйымдастырылды.  Кешке 1-11 сынып оқушылары қатысты.
"Туған жерім-Қазақстан" мәнерлеп оқу сайысы
15
желтоқсан
2021
"Туған жерім-Қазақстан" мәнерлеп оқу сайысы
Текелі қаласы №1 орта мектебінде 5-9 сыныптар арасында "Туған жерім-Қазақстан" тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті. Сайысқа барлығы 24 оқушы қатысты. Сайыскерлер 10 балдық жүйемен бағаланды. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. Сайыс қорытындысы шығарылып, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.
"Желтоқсан желі ызғарлы" кездесу
13
желтоқсан
2021
"Желтоқсан желі ызғарлы" кездесу
Текелі қаласы №1 орта мектебінде 9-10 сыныптар арасында "Желтоқсан желі ызғарлы" тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларды кеңінен хабардар ету. Кездесуге  желтоқсан оқиғасы қатысушылары Калыгулова Нурсулу Бексултановна, Коштаева Гүлжахан Дукановна, Дауренбекова Гүлмира Бекбергеновна  шақырылып, сыр-сұхбат жүргізілді.
"Туған жерім- Қазақстан"  сурет байқауы
10
желтоқсан
2021
"Туған жерім- Қазақстан" сурет байқауы
Текелі қаласы №1 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1-6 сыныптар аралығында  "Туған жерім- Қазақстан" атты сурет байқауы өтті. Үздік деп танылған суреттер көрмеге қойылды.
Кәсіптік бағдар
09
желтоқсан
2021
Кәсіптік бағдар
9-11 сынып оқушыларымен  Алматы қаласында орналасқан Қазақ -америка университетінің мамандары келіп оқушылармен кездесу өткізді. Олар оқушыларға өздерінің университетін таныстырып, сауалнама алды. 
"Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы"  кітап көрмесін
07
желтоқсан
2021
"Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы" кітап көрмесін
Текелі қаласы №1 орта мектептің кітапханашысы Батталова Т.Е "Тәуелсіздік тарихы-Елбасы жолы" тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен  қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығы, еркіндікке аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстырылды. 
"Жетісу - менің туған өлкем" сайысы
04
желтоқсан
2021
"Жетісу - менің туған өлкем" сайысы
«Жетісу- менің туған өлкем» атты қалалық өлкетанушылар сайысында Текелі Бірінші Мектеп оқушылары І орынды иеленді. Жетекшісі Бакытжан Молбаев. Құттықтаймыз.