02
маусым
2017
Мемлекеттік рәміздер - елдігімнің белгісі
Мақсаты: Елтаңба, ту, гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң – мұқтаждарын ойлануынан басталады.

Бүгін 02.06.2017 жылы №1 орта мектеп МДШО КММ мектепішілік «Күншуақ» лагерінде рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер -елдігімнің белгісі» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында балалар патриоттық әндер айтып, елтаңбамызбен еңселі, туымызбен тұғырлы, әнұранымызбен айбатты екенін түсініп, рәміздерді құрметтеуді ұқты. Балғын бояу шеберлері рәміздердің суреттерін салып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Балалар қалалық «Менің елім- мәңгілік ел» атты мерекелік іс-шараға барып,
велошеруді көріп, оқушылар билеген флешмобты тамашалады.
[media=https://youtu.be/uPcqhM-i2NE]