Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Табиғат аясында
26
маусым
2017

Табиғат аясында

Табиғат аясына саяхат

21-маусым күні «Күншуақ» жазғы лагерінің жоспарына сай «Табиғат аясында» тақырыбына байланысты табиғат аясына топсаяхатқа шықтық.

Мақсаты: оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту, табиғатпен тығыз байланысын арттыру, сауықтыру.

Түрі: Табиғат аясына саяхат

Бүгін сағат 09:00- де барлығы 25 оқушыны жазғы лагерьге қабылдап алдық. Сағат 09:30-ға дейін таңғы жаттығулар жасадық, содан соң балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндірдік.


Содан соң «Табиғат аясында» атты топ саяхатымызды жалғастырдық. Таза ауада демалып, әдемілік пен әсемдіктен эстетикалық әсер алып, ең әдемі гүл шоғын жинадық. Гүлдестелер тоқыдық. Балалар гүлдер, олардың адамға сыйлайтын ерекше көңіл күйі туралы өз ойларымен бөлісті. Жұмбақ жасырып, анекдоттар айтып жақсы көңіл -күймен мектепішілік лагерьге оралдық.

«Адал ұрпақ үгіт бригадасының мүшелері лагердегі демалушы балалармен әңгіме –сұхбат жүргізді» Олар балаларға өз көзқарастарын білдіріп,өз дүниетанымдарын кеңейту,өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау,әділдікке үйрету,париоттық тәрбие қалыптастыру керектігін айтып түсіндірді. Соңынан балалар әртүрлі сұрақтар қойып,талқыладық.



Лагерь жетекшісі: А.А.Жолаева

Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com
Назад 1 2 3 Вперед