14
ақпан
2022
"Жан жарасына айналған Ауғанстан" кездесу



Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 33 жыл толып отыр. Қаншама қыршынның жастық шағын жалмаған сұрапыл соғысқа қазақ даласынанда жігіттер аттанғаны мәлім. Мыңдаған жас азаматтар жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды.Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін АУҒАНСТАН мәңгілік жан жарасына айналды. Бұл күн тарихи күн. Бүгінде 1 орта мектепте тәрбиелік мағынасы зор шара өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері жерлестеріміз Аужигитов Жұмағазы Кайырғалиұлы мен Боромбаев Мұхтар Серікбайұлы шақырылды.Оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойып сұхбат жүргізді.Майдангер азаматтарымыз қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, ауған соғысының ардагерлері жастарымызды Жаңа Қазақстанның болашағы үшін Мәңгі ел болуды өз елімізді , жерімізді қорғауға әрқашан дайын болуларына күш жігер берді. Іс шара өз деңгейінде өтті.