Жетісу облысының білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімінің
№1 мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72835) 4-13-25
Мектеп директоры:
+7 (777) 736-16-17
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бақытты балалық шақ
02
маусым
2017

Бақытты балалық шақ

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір – бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке Текелі қаласының орталық хауызында өтті. Қалалық білім беру бөлімі мен оқушылар үйі ұйымдастырған «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарламада бүлдіршіндер би билеп, өлең, тақпақтарын айтып өз өнерлерін ортаға салды.



 

Мерекенің шырайын келтірген сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты. Әр мектептен жиналған командалар арасында жарыс ұйымдастырылды. Әр команданың өз ұраны және эмблемалары болды. Командалар логикалық сұрақтарға, жұмбақтарға жауап берді. Қайықпен жүзу және эстафеталық ойындар өтті. Жарыс соңында командалар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы алғанда балаларға қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күні емес, әрқашанда үлкендердің назарында болуы тиіс. Іс – шара соңында балаларға тегін сусындар мен тәттілер таратылды.

Download MP3 form TikTok https://ttconverter.com
Назад 1 2 Вперед