Жұлдызды түлек - 2017
Текелі қаласы бойынша 15 маусым күні түлектердің салтанатты кеші ұйымдастырылды. Кешке №1 орта мектептен 17 түлек қатысты. Мерекелік шара барысында ұстаз қауымына арналып ақтарылған ақ тілектерде шек жоқ. Баласының білім теңізіндегі інжу-маржанның лағылын теруге қосқан ұшан-теңіз үлесі үшін ата - аналар ризашылықтарын жеткізіп жатты.
Мерекелік іс -шара соңында мектеп түлектерінің дәстүрлі вальсі орындап, асқақ армандарға шарықтаған шарлар аспан көгіне ұшырды.

Дәстүр бойынша №1 орта мектебінде "Жұлдызды түлек - 2017" мектеп бітірушілердің салтанатты кеші сағат 21.00 басталып,таңғы 4.00 ге дейін жалғасын тапты. Салтанатты кеш мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсырумен басталып, соңы түлектердің ұстаздарына арналған жылы лебіздерін білдіріп, оныншы сыныпқа білім кілтін ұсынып, 6 номерден тұратын концерт қойды. Кеш соңы жастар дискотекасымен тәмәмдалды.


Оқушылардың қауіпсіздігі жеке назарда болып, мектеп инспекторы, ата -аналар мен мұғалімдер арасынан кезекшілік ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігіне жауапты директордаң шаруашылық ісі - жөніндегі орынбасары да кезекшілік атқарды.
Биылғы жылы 17 түлек орта мектепті тәмамдап, 9 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірді. Қазіргі таңда оқушылар ҰБТ қарқынды дайындалуда.